|
Словакияның сылтауына кім сенеді?
|
Еуродақ құрамындағы Словакия осы одаққа мүше елдерге бөлінген квота бойынша 200 мұсылман босқынын қабылдауы тиіс болатын. Алайда, Словакия соңғы сәтте мұсылман босқындарды қабылдаудан бас тартты. Словакия билігі қандай уәж айтып, қалай ақталды дейсіз ғой? Мешіттің жоғын алға тартты. Алайда, христиан босқындарын қабылдай алатындарын мәлімдеді. Словакия ішкі істер министрлігінің өкілі Иван Метик (Ivan Matik): «Біз Еуропаға көші-қонға байланысты түйткілді мәселеде көмектескіміз келеді. Біз 800 мұсылманды қабылдар едік, алайда, Словакияда мешіт жоқ. Мұсылмандар бұл жер ұнамай қалса, қоғамға қалай сіңісіп кетеді?» Ол осылай дей келе бұл діни немесе нәсілдік кемсітушілік емес, бұл – қоғамның біртұтастығын сақтау қамы екенін тілге тиек етті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Кентавр роботтың қандай пайдасы бар (видео)
■
Қазақстанда ел ішіп жүрген кейбір шайлар қауіпті болып шықты
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Мәйіт өртейтін елде крематорилер жұмысын тоқтатып жатыр
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады