|
СОҒЫС КЕСІРІНЕН 130 МЫҢ МЕШІТ ҚИРАҒАН
|
Иемен мемлекетіндегі қарулы қақтығыстардың кесірінен 370 мың тұрғын үй мен 130 мың мешіт қираған. Бұл жайында Иемен Ғұламалар ассоциациясының басшысы Мұхаммед Шамсұддин мәлімдеді. «Иемен аумағындағы мыңдаған инфрақұрылымдық нысандар жойылған. Оның ішінде 370 мың тұрғын үй, 130 мың мешіт жермен-жексен болған», – деп атап өтті ол. Айта кетейік, Иемендегі азаматтық соғыс өрті 2014-жылы тұтанған болатын. Сұм соғыстың кесірінен көз жұмғандар саны қазіргі кезде 227 мыңға жетіп отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Күйзелісті емдеудің тың әрі тиімді тәсілі пайда болды