Сусамыр – Таяу Шығыстың тажалына айналды
Сусамыр – Таяу Шығыстың тажалына айналды
1 жыл бұрын 1115 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Қант диабеті араб әлемінің нағыз қасіретіне айналды – дұрыс тамақтанбау және белсенді дене қимылы жоқ өмір салты Таяу Шығыстың бірқатар елдерінде аталған дертке шалдыққандар қарасының күрт өсуіне әкелді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ArabNews дерек көзіне жөн сілтеген IslamNews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Соңғы жылдары 2 типті қант диабетінен зардап шегетіндер қарасы, әсіресе Кувейт, Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері және Бахрейн сияқты елдерде геометриялық прогреспен өсіп барады. БАӘ-де әрбір бесінші адам сусамыр дертіне шалдыққан. Бұл елдегі қант диабетімен ауыратындар саны 2040 жылға қарай екі есе артуы мүмкін. Әбу-Дабилік эндокринолог Сара Сүлиманның айтуынша, Парсы шығанағы әлемдегі ең бай аймақтардың бірінен саналады, соңғы жылдары белең алған майлы әрі құнарлы тағамдар мен газдылған тәтті сусындарға сұраныстың артуы әрі дене қимылын қажет етпейтін өмір сүру салты аталған дерттің кеңінен таралуына негізгі себеп болып отыр.

0 пікір
Мұрағат