|
Тәліптер 6-шы сыныпқа дейінгілерге білім алуға рұқсат берді
|
Ауған билігіндегі тәліптер радикалды қозғалысының (Біріккен Ұлттар Ұйымының қарары бойынша әлемнің көптеген елінде, соның ішінде Қазақстанда қызметі мен насихатына тыйым салынған – ред.) уақытша жасақталған үкімет құрамындағы білім беру министрлігінің пәрменімен алтыншы сыныпқа дейінгі мектеп оқушыларына мектеп қабырғасында білім алуға рұқсат берілді. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде Tolo News телеарнасына жөн сілтеген islam-today ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бастауыш сыныпта жұмыс істеген және желтоқсан айының соңында жұмыстан шеттетілген мұғалімдер де жұмысқа қайта қабылданады. Алайда, бір шартпен: оқушы қыздар мен әйел ұстаздар шариғат шәлісін тағуы міндетті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Жалғызбасты әйелдер қарасының көбеюі Рауте қауымына қауіп төндіре бастады
■
Үндістан арықтататын дәрі-дәрмегімен жаһандық нарықты өзгертпек
■
2050 жылға таман жаһандық жылынудан тағы бірнеше жүз мың өлім-жітім болады
■
Биологиялық тұрғыдан ыдырайтын робот жасалды (видео)
■
Жастар мен жасөспірімдер арасында өз-өзін майып ету көрсеткіші артып келеді