|
Израил Мысыр үшін кепіл болуға дайын
|
Араб бұқаралық ақпарат құралдарында Израил Мысырға нан бағасын субсидиялау мүмкіндігіне ие болу үшін несие бойынша Дүниежүзілік банкке кепілдік беру міндетін алғаны туралы хабар тарады. Несие сомасы 3 миллиард долларды құрайды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Осылайша Израил билігі мысырлықтар үшін нан бағасының көтерілмеуіне көмек көрсетпек. Жаңалықта айтылғандай, Парсы шығанағы елдерінің бірде-біреуі бұл тарапта Мысырға кепіл болудан бас тартқан. Израилдің мысырлықтардың пайдасына шешім қабылдауы бірінші рет емес – Израил билігі бірнеше жыл бұрын Мысырға 2 миллиард долларлық қарызын кешірген болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды