|
Тәліптер әйелдерге тағы бір тыйым салды
|
Ауғанстанда әйелдерге қатысты тыйым тағы бір ережемен толықтырылды. Бұл жолы әйелдерге медициналық білім алуға тыйым салынды. Бұл жайында islam.kz порталы Euronews ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ауған билігіндегі тәліптер қозғалысының бұл қадамы да Еуропалық одақ тарапынан қатаң сынға ұшырады. Адам құқығын бұзғаны үшін. Әйелдерге тән болып келетін медбике мен акушерлікті оқытуға тыйым салынады. Өйткені, бұл мамандықтар ауған әйелдерінің білім алудың бір әдісі болатын. Бұдан бөлек, тек әйелдерге тән осынау мамандық бойынша білім алуға салынған тыйымнан ана мен бала өлім-жітімі артатыны айтылған хабарламады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады