|
Тәліптер Ауғанстан аумағында қарумен жүруге тыйым салды
|
Ауғанстанның билік тізгінін ұстаған тәліптер қозғалысы жасақтаған үкіметі, дәлірегі, ішкі істер министрлігі арнайы рұқсатсыз оқ-дәрі мен қаруды сақтауға және өзімен бірге алып жүруге тыйым салу қарастырылған қаулы қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде ТАСС ақпарат агенттігіне жөн сілтеген Islam-Today сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш министрліктің Х (бұрынғыTwitter) әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған құжатқа сәйкес мұндай тыйым түрлі лауазым иелеріне де, мождаһедтерге де, қатардағы азаматтарға да, мемлекеттік қызметкерлерге де, т.б. қатысты. Тек ІІМ-нен арнайы лицензия алған адамдарға ғана қаруды заң талаптарына сай пайдалануға рұқсат етіледі.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды