Тарихта тұңғыш рет: Пәкістанның жалпы ішкі өнімі 400 млрд доллардан асты
Тарихта тұңғыш рет: Пәкістанның жалпы ішкі өнімі 400 млрд доллардан асты
1 ай бұрын 375 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Пәкістан экономикасы ресми түрде 400 млрд доллар клубына енді. Осылайша аталған ел елдің қаржы тарихында маңызды кезеңге аяқ басты. Бұл жайында islam.kz порталы Daily Times ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ұлттық есеп комитетінің (NAC) алдын ала бағалау қорытындысына сәйкес экономика ауқымы 2025 қаржы жылы бойынша 114,7 триллион рупиге жеткен - шамамен 411 миллиард долларды құрады. Бұл тараптағы өсу көрсеткіші 2,68%-ға артқан. Ұлттық есеп деректері экономиканың 24 қаржы жылында 105,1 триллион рупиден 25 қаржы жылында 114,7 триллион рупиге дейін өскенін көрсетті. Доллармен есептегенде, бұл көрсеткіш 372 миллиардтан доллардан 411 миллиард долларға дейін өскен. Төртінші тоқсандық өсім көрсеткіштері де оң сипат алған: ЖІӨ 1-тоқсанда 1,37% және 2-тоқсанда 1,53%-ға артты. Осы өсімге байланысты елдегі жан басына шаққандағы табыс 2024-25 қаржы жылында (FY25) 9,75% долларға өсіп, рекордтық деңгейге - 1 824 доллар жетті, ал өткен жылы бұл көрсеткіш 1 662 доллардан аспап еді. Рупиге шаққанда жан басына шаққандағы табыс 8,27%-ға артып, 509 174 рупиге жетті, ал 1924 қаржы жылында бұл көрсеткіш 470 258 рупи болатын.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
26 27 28 29 30 31 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 1 2 3 4 5 6