Телефон паролін беруден бас тартқандар жазаланады
Телефон паролін беруден бас тартқандар жазаланады
2 сағат бұрын 46 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Гонконгта полиция мен күштік құрылымдардың құзыретін кеңейтетін ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамаға енгізілген жаңа түзету қолданысқа енді. Бұл жайында islam.kz порталы ВВС ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып  мәлім етеді. Бұдан былай құқық қорғаушы орган қызметкерлері күдіктіден электронды құрылғыларын (смартфон, компьютер, т.б.) ашуды әрі оны ашатын құпия таңбаларын талап ету құқығына ие болды. Жаңа ережеге сәйкес электронды құрылғыларының паролін беруден бас тартқандарға 100 000 гонконгтық доллар айыппұл салынып, бір жылға дейін бас бостандығынан айырады. Бұдан бөлек, жалған парол бергендер немесе ұрмаланған ақпарат бергендер үш жылға дейін түрмеге қамалады. Тиісті түзетулер 2020 жылы қабылданған Ұлттық қауіпсіздік туралы заң шеңберіндегі жаңартылған қаулының бір бөлігі болды. Гонконг билігі өзгерістердің лаңкестікпен байланысты қауіп-қатерлердің алдын барынша тиімді жолмен алуға, сондай-ақ, азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтарын қорғауға бағытталғанын мәлімдейді. Наразылық білдірушілер биліктің бұл қадамын қатаң айыптап отыр: адамның жеке басының мәліметтеріна қол сұғу әрі электронды құрылғылардағы ақпараттарды теріс мақсатта пайдаланып, қысым көрсетуі мүмкін деп мәлімдеді. Билікке жақпайтын пікірлерді басу, сөз бостандығын тұншықтыру үшін де қолдануы мүмкін. Ең ауыры, паролдің құпиялылығын желеу етіп, сот отырыстарын жабық режимде өткізуге жол ашып беретінін алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат