|
Тірідей өртенген бүлдіршіннің анасы да қаза тапты
|
Естеріңізде болса, осыдан бір ай шамасы бұрын израилдік келімсектер үйін өртегендіктен бақилық болған Али есімді палестиналық бүлдіршін турасында хабар таратқан едік. Араға бір айдан аса уақыт салып, оның анасы да дүние салды. Алған жарақатынан. Нақтырақ айтқанда, 26 жастағы Рихам Давабше жексенбі күні кешкісін Израил емханасында көз жұмды. Сол өрттің салдарынан оның денесінің 80 пайызын күйік шалған болатын. Марқұмның күйеуі – Саадтың денесін де күйік шалып, сегіз күннен кейін қаза тапқан болатын. Аман қалған тағы бір ұл бала емханадан шыққан жоқ. Бұл жайында IslamNews порталы Aljazeera ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып хабар таратты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды