|
Тіс дәрігері қайырымды ісімен халықтың жүрегін жаулап алды (видео)
|
Махачкала қаласындағы стоматологиялық емханалардың бірінде жұмыс істейтін Магомедхабиб Гаджиев есімді дағыстандық тіс дәрігері қасиетті жұма күні Алла разылығы үшін әрі сауапқа кенелу мақсатында пациенттеріне тегін қызмет көрсетеді. Бұл жайында "Лайф" ақпарат көзі хабар таратты. Аталған ақпарат көзінің хабарына қарағанда, қызмет ақысы қымбат тұратын ем-домға тіс дәрігері осылайша өзінің табысынан жырымдап, науқастарға қолұшын созуда. Мәселен, Мариятт Хабибулаева есімді 29 жастағы жергілікті тұрғын қызын бір өзі бағып, асырап отырғанына байланысты қысқа жіп күрмеуге келмейтін болғандықтан тегін емделуде. Балалар үйінде тәрбиеленген ол автокөлік жуып, нәпақасын әзер тауып отыр. Тіс дәрігері күніне бес науқасты емдеп үлгереді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды