|
Түркіменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды
|
Түркіменстанда бір айдан бері әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынған. Бастапқыда полиция темір тұлпарлы нәзік жандыларға жай ескерту жасаған. Ендігі куәліктерін тартып алып, көліктерді айыппұл тұрағына тоғытып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.
“Бастапқыда бұл ақпаратты қалжың шығар деп сенбедім. Мұнан кейін өз басыма да келді. Қазіргі уақытта әйелдер рөлге отырудан қорқатын болды. Сондықтан көпшілігін күйеулері жұмысқа әкеп салып, алып кетеді”, — дейді Ашхабад тұрғыны.
Хабарланғандай, мемлекеттік мекемелерде жұмысқа өз көлігімен келген әйелдерден енді рөлге отырмаймыз деген қолхат алынған екен.
Аталған шараның қолданылуына көлік апатының басым көпшілігі әйел жүргізушілердің кесірінен болады деген статистикаға себеп болыпты.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Тіс пастасы алғаш рет халал сертификатына ие болды
■
Жапонияда гендермен өңделген ұрықты имплантациялауға заң жүзінде тыйым салынады
■
Адам қай жастан бастап қайта қалпына келу қабілетінін айырылатыны анықталды
■
Жержаңғақтың жаңа сорты пайда болды
■
Қытайда 30 жыл бұрын күші жойылған салық қайта қалпына келтірілетін болды