|
Аятолла Хаменейдің пәрменімен Махмұд Ахмединежад тұтқындалды
|
Иранда бұрынғы ел президенті Махмұд Ахмединежад билікке қарсы наразылық шеруіне шыққан ереуілдеушілерге қолдау көрсеткені үшін Аятолла Хаменейдің пәрменімен тұтқындалды. Бұл жайында Al Arabiya ақпарат көзі хабар таратты. Нақтырақ айтқанда, экс-президенттіі қолына кісен Шираз қаласына сапары кезінде салынған. Бұрынғы Иран басшысы Бушер қаласында ереуілшілердің алдына шығып, сөз сөйлеп, билік тізгінін ұстағандардың саясатын сынға алған. Дәлірегі, халықтың басындағы жағдаймен санаспай, бұқарадан қол үзіп қалғанын мәлімдеген екен. Иран билігі оны осы әрекеті мен мәлімдемесі үшін «тәртіпсіздік тудырды» деп айыптап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды