Түркия әлемдегі жалғыздықтан көп жапа шеккен ел
Түркия әлемдегі жалғыздықтан көп жапа шеккен ел
1 сағат бұрын 48 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

JB.com цифрлық платформасының зерттеу нәтижесіне сәйкес, Түркия жалғыздық деңгейі бойынша 36 елдің ішінде шекті мәні 100 ұпайға шақталған рейтингте 100 ұпайға ие болып, бірінші орынға шыққан. Бұл жайында islam.kz порталы mk-turkey сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Аталмыш рейтинг «жалғыздық индексі» деп аталатын бірнеше факторға негізделген: жалғыздық пен әлеуметтік оқшаулану сезімінің жиілігі, күйзеліс пен бақыт деңгейі, депрессия дертінің таралу ауқымы, сондай-ақ, үй шаруашылықтарының құрылымы - жалғыз тұратын адамдардың үлесі және отбасының орташа мөлшері. Қорытынды ұпай неғұрлым жоғары болса, елдегі жалғыздық қатері соғұрлым жоғары болады. Бұл тараптағы зерттеу 36 елді қамтып, JB.com платформасымен жүргізілді. Индексті есептеу үшін респонденттердің эмоциялық жағдайын өзіндік бағалау деректері және үй шаруашылықтарының статистикасы пайдаланылды.

Түркия ең жоғары көрсеткіш - 100 ұпай алды.

Зерттеу деректері бойынша:

Түркия халқының 61% -ы өздерін жалғызбасты сезінетінін мәлімдеді;

45% әлеуметтік оқшаулану сезімі туралы хабарлаған;

31% жуығы күйзеліске бой алдырғанын жеткізген.

Зерттеу авторлары Түркиядағы әрбір бесінші үй шаруашылығы бір адамнан тұрса да жалғыздықтың басты көзі нақты оқшаулану емес, эмоциялық алшақтық және терең әлеуметтік байланыстардың жетіспеушілігі екенін атап өткен.

Үндістан екінші орыннан көрінді

Екінші орында 89 ұпаймен Үндістан алға шыққан.

Зерттеу нәтижесіне сәйкес:

58% Үндістан тұрғындары өздерін жалғызбасты сезінеді;

34% әлеуметтік оқшаулануды сезінеді;

Бұл ретте үнді үй шаруашылықтарының 3,7% -ы ғана бір адамнан тұрады, ал отбасының орташа мөлшері төрт адамнан асады. Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, отбасылық қарым-қатынас тығыз болса да көптеген адамдар туыстарын жатсынады.

Жалғыздық деңгейі ең төмен елдер

 Өзбекстан;

 Нидерланды.

Сондай-ақ, жалғыздық көрсеткіштері төмен елдер арасында мына елдер де бар:

Канада;

 Таиланд.

Зерттеу жалғыздық адам айналасындағы адамдардың санымен емес, оның эмоциялық және әлеуметтік байланыстарының сапасымен анықталады деген қорытынды шығарады. Тіпті, отбасылық инстиуты берік қоғамдарда да көптеген адамдар жақын қарым-қатынастың болмауынан бір-бірін жатсынып өмір сүреді.

0 пікір
Мұрағат