Түркия Қара теңіз бұғазы арқылы өтетін кемелер үшін ақыны көтереді
Түркия Қара теңіз бұғазы арқылы өтетін кемелер үшін ақыны көтереді
11 ай бұрын 844 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Yoruk Isik / Reuters

Түркия билігі шілде айының 1-нен бастап Қара теңіздің Босфор және Дарданелла бұғаздары арқылы өтетін кемелерге қатысты ақыны 8,3 пайызға, дәлірегі, жүктің әр тоннасы үшін 4,42 долларға көтеретін болып шешім қабылдады. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде аталған елдің көлік және инфрақұрылым министрлігіне қарасты теңіз бас басқармасының шешіміне жөн сілтеген Aydinlik ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл шара ел қазынасына жылына қосымша 900 млн доллар табыс түсіреді. Бұл қаражат 1936 жылы бұғаздардағы кеме қатынасын реттейтін Монтре конвенциясына қол қойылғаннан бері алтын франк негізінде есептелген. Төлемдерден түскен ақша төтенше жағдайда медициналық көмек көрсетуге және эвакуациялауға, сондай-ақ, маяктардың жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалады. Сонымен қатар, алтын франк бұдан былай біржола бекітілмейді, яғни, оны көлік және инфрақұрылым министрлігі әр жылдың маусым айының соңында,  шілденің 1-і күнгі жағдай бойынша жаңартып отырады. Осы орайда өткен жылдың қазан айында Түркия сауда кемелерінің Босфор мен Дарданел арқылы өту құнын бес есеге өсіргенін айта кету керек.

0 пікір
Мұрағат