|
Түркия шетелдік агент туралы заң қабылдайын деп жатыр
|
Түркия билігі ұлттық мүдде мен мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіруі ықтималдылығы жоғары мәселелерге шетелдіктердің ықпал етуіне тосқауыл қоятын жаңа заң қабылдауға бел буып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Түркия парламенті бірер күнде аталмыш заң жобасын талқылап, елдің ішкі және сыртқы мүддесіне шетелдік ұйымдардың немесе шет мемлекеттердің нұқсан келтіретін әрекеттеріне тосқауыл қоюды көздеп отыр. Егер бұл заң қабылданса, оның талаптарын бұзған тұлға жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Десе де құқық қорғаушылар бұл заң өзгеше ойлайтын, яғни, биліктің саяси ұстанымымен келіспейтін жекелеген тұлғаларды қудалаудың құралына айналып кете ме деп алаңдап отыр.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Сарапшылар жасанды зерденің ешуақытта адам деңгейіне жете алмайтынын алға тартып отыр
■
Жапондық инженерия көңді алтынға айналдырады
■
Қытай соғыс кезінде жасанды зердені де майданға жұмылдыратын заң қабылдады
■
Азия елі 14 мың аюдың көзін жойды
■
Диқан бір тамшы сусыз қауын-қарбыз өсіріп отыр (видео)