|
Түркиядағы Ресей елшісін атып кетті (видео)
|
Ресейдің Анкарадағы өкілетті елшісі Андрей Карлов Анкарада "Саяxатшы көзімен Калинградтан Камчаткаға дейінгі Ресей" атты фотокөрмеге қатысу барысында қастандыққа ұшырады. Көрмені Анкарадағы Ресей елшілігі мен Анкараның Чанкая ауданының әкімшілігі бірлесе ұйымдастырған. Карловты ашылу салтанатында сөйлеп тұрғанда белгісіз біреу атып, аспанға да оқ атқан. Қонақтар абыр-сабыр күйден жан-жаққа бас сауғалаған. Ауыр жаралы Карлов жақын маңдағы аурузанаға жеткізілгенімен қайтыс болды. Ал, қастандық жасаушы арнаулы операцияда өлтірілген. Әзірге оқиғаны АҚШ-тің сыртқы істер министрлігі айыптап үлгерді.
Соңғы ақпаратқа қарағанда, Ресей Федерациясының Түркиядағы елшісіне полиция қызметкері қастандық жасаған.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйіттік донорлықты құптайтындар көбейді. Мәйіттік донорлықтың тәртібі мен құқықтық негіздері қандай
■
Paidax Қазақстандағы алғашқы исламдық долларлық жинақ шотын іске қосты
■
Елге кіргізілетін діни маңызы бар заттар үшін қосымша құн салығын алып тастауы мүмкін
■
Ауа температурасы Целсия бойынша 38 градустан асқанда жұмысты бірден тоқтату туралы шешім қабылдануы мүмкін
■
Азиялық шағын мемлекет демографиялық дивиденд алу үшін аз жылда 6,5 млн жұмыс орнын ашуы тиіс