|
Путин елшісінің өліміне байланысты Түркияға тергеу тобын жібермек
|
Ресей президенті баскесерлердің РФ елшісі Андрей Карловты өлтірудегі көздеген мақсатын айтты. Оның ойынша, бұл қылмыс Ресей-Түркия қарым-қатынасына сызат түсіруге және Сириядағы бейбітшілікті болдырмауға бағытталған. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Өз мәлімдемесінде Путин: "Бұған бір ғана жауап бар. Террормен күресті күшейту ғана. Және баскесерлер бұны сезінетін болады»-деген.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Владимир Путиннің Түркия президенті Режеп Ердоғанмен елші Карловтың өлімін тергеу үшін Ресейден Анкараға тергеу тобын жіберу туралы келісім жасағанын хабарлады.
«Жақын уақытта Түркияға тергеу тобы жіберіледі. Екі ел президенті бұл туралы бүгін телефон арқылы сөйлескенде келісті»-дейді Песков.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
2033 жылы ислам қаржы нарығындағы айналым 7,7 трлн долларға жетеді
■
Cән индустриясы технолгияға қарсы тұрудың амалдарын қарастырады
■
Жаһандық ислам қаржы активтерінің мөлшері 2029 жылы 9,7 трлн долларды құрайтын болады
■
Сүрілген мешіт орнына салынған пұтхана қомақты қаражатқа байланысты жанжал ошағына айналды
■
Даулы сот ісі: суррогат ана болу Конституцияға қайшы (видео)