Түркияның отандық автокөлігінің экспорты 20 млрд доллардан асты
Түркияның отандық автокөлігінің экспорты 20 млрд доллардан асты
2 ай бұрын 713 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Осы жылдың қаңтар-қазан айларында түрік машина құрастыру өнімдерінің экспорты 20,5 миллиард доллардан асты. Бұл туралы islam.kz порталы өз кезегінде Түркияның Машиналар мен жабдықтарды экспорттаушылар қауымдастығы (MAİB) келтірген дерекке жөн сілтеген aa.com.tr ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. MAİB мәліметі бойынша 2022 жылдың он айында машина құрастыру өнімдері экспортының көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7,7 пайызға артып, 20,5 миллиард долларға жеткен. Германия мен Америка Құрама Штаттарына 4 миллиард долларға автокөлік сатылып, Түркияның машина құрастыру өнімдерінің әлеуетін арттырған. Аталған екі ел түрік көлігін экспорттаудан көш бастап тұр. Ал Ресейге экспорт аталған кезеңде кезеңде 43,8 пайызға артып, 1 миллиард долларға жетті. Көрсетілген мерзімде түрік машина өнімдерін сату мөлшері 3 миллиард тоннадан асты, бір келісінің құны 6,3 долларды құрады. Түркияның MAİB жетекшісі Құтлы Қаруалоғлының Anadolu агенттігіне берген сұхбатында экспорттық кірістің 70 пайызының дамыған елдерден келетінін, Түркияның экспорт қоржынындағы бұл сектордың үлесі 10 пайыздан асқанын жеткізді. Осы тұста сәуір айына дейін Түркияда 1571 электрлі көлікке жанармай құю стансаларының желісі құрылатынын айта кету керек. Бұл туралы Түркияның Индустрия және технология министрі Мұстафа Уаран мәлімдеді. Министр 2023 жылдың сәуір айына дейін елдің 81 провинциясының әрқайсысында электромобилдерге жанармай құю стансалары жұмыс істейтін алға тартып отыр. «Бұл бастама автомобил құрастыруда және логистикалық индустрияда төңкеріс жасауға арналған. Togg үшін құрамдас бөліктердің 115 жабдықтаушысының 86-сы түрік компаниялары екенін мақтанышпен атап өткім келеді. Зияткерлік меншік құқығы 100 пайыз Түркияға тиесілі болғандықтан, электромобиль жобасында импортты алмастыру деңгейін арттыру біздің қолымызда», - деді Мұстафа Уаран.

 

0 пікір
Мұрағат