|
Үйленгеніне бір апта өтпей жатып ажырасып кетті. Неге?
|
Сауд Арабиясында жас жұбайлар ажырасып кетті. Неке қидырғандарына бес күн өткен соң. Зайыбы өмірлік серігі болады деген жігіттің бес уақыт намаз оқымайтынын көріп әрі күйеуінің намаз оқуға ниеті жоғын байқап, ажырасуға бел байлаған. Сот олардың ажырасу туралы шағымын қанағаттандырды, алайда, зайыбын күйеуіне 55 000 риал төлеуге міндеттеді. Бұл жайында «IslamNews» порталы «India.com» ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты. Әлеуметтік желі қолданушылардың дені әйелдің тақуалығына қайран қалып, оның бұл қадамын құптап, қолдау білдірді. «Оныкі дұрыс. Ер адам Құдай алдында өз парызын орындамаса, әйелінің алдындағы міндетіне де салғырт қарайтын болады. Оларға ажырасқан дұрыс», - деп жазыпты Халид есімді ғаламтор пайдаланушысы.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады