|
Үндістанға мұсылмандар жанын беруге әзір
|
Үндістанның жаңа премьер-министрі "Әл-Каида" ұйымының Оңтүстік Азияда филиал ашуына қарсылық білдірді. Сондай-ақ, ол азшылықты құрайтын мұсылмандардың олардың бұйрығына мойынсұнбайтындығын және жиһад жасауы мүмкін еместігін жеткізді. "Олар біздің елдегі мұсылмандарға әділетсіздік жасауда", - деді премьер Нарендра Моди.
"Егер біздегі мұсылмандар әлгілердің айтқанына көніп, айдағанына жүреді десе қатты қателеседі" - деді ол тағы бір сөзінде. "Үнді мұсылмандары Үндістан үшін өмір сүріп, жанын беруге әзір. Олар Үндістанға жаманшылық ойлап, қастандық қылмайды", - деп сөзін толықтырды Моди. Модидің бұл мәлімдемесі "Әл-Каиданың" басшысы Айман әз-Заһаридің террористік ұйым құрып, Үнді жеріне басқыншылық жасау жоспарына қарсы айтылған болатын.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Өткен жылы сукук нарығы 1 трлн доллардан асты
■
Христиандықтың таралу қарқыны исламнан көп артты қалып қойған
■
Соңғы 5 жылда Қытай аумағынан мұнай мен газдың 225 кеніші табылған
■
Түркияда университет аумағынан мұнай қоры табылды
■
«Ғимаратқа арналған жемпір» үйдің жылуына кететін энергияны 23% -ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді