|
Венесуэла уақытын жарты сағатқа алға жылжытты (видео)
|
Бұл электр энергиясын үнемдеу үшін қабылданған шара. Алдыңғы аптада билік осы мақсатта бюджеттік сала қызметкерлерінің жұмыс аптасын екі күнге дейін қысқартқан. Олар енді тек дүйсенбі және сейсенбі күні ғана жұмысқа шығады. Айта кеткен жөн, бүгінде мемлекет энергетикалық дағдарысты басынан кешіріп жатыр. Оған алапат қуаңшылық себеп болған. Соның кесірінен су электр стансалары толық қуатында жұмыс істемей тұр. Альберто Перес, жергілікті тұрғын: - Біз Перу немесе Колумбия халқы секілді электр энергиясын үнемдей алмаймыз. Біз оған үйренген жоқпыз. Сол себепті, мына шараның пайдасы болатынына жеке өз басым сенбеймін.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Су тұшшыландырудың жаңа технологиясы тек суды тазартып қоймай, литиді қосады
■
Ғалымдар гравитация пен кванттық ақпарат арасында байланыс барын анықтады
■
Дәрілердің кері әсерінен болатын өлім-жітім бесінші орында тұр
■
Дене қызуын түсіретін әрі ауруды басатын дәрілер бактериялардың антибиотикке төзімділігін қалыптастыратын болып шықты
■
«Қандас» мәртебесін қалай үйден шықпай-ақ алуға болады