Визаның жааңа түрі пайда болды
Визаның жааңа түрі пайда болды
1 сағат бұрын 28 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Индонезия контент жасаумен айналысатын шетелдіктер үшін жеке виза ашады. Бұл жайында islam.kz порталы eVnExpress ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Индонезия шетелдік контент жасаушылар үшін визаның жаңа санатын әзірлеп жатыр, себебі, үкімет коммерциялық цифрлық контент өндірісін журналистік қызметтен нақты ажырату бағытында жұмыс істеп жатыр.  Оңтүстік-шығыс Азия аймағындағы аталған елдің көші-қон мекемелері мен визалық қызмет көрсету субдирекциясының басшысы Хэппи Реза Дипайуда C5A визасының Индонезияға келетін шетелдіктерге цифрлы контент жасауға, соның ішінде промоакциямен, бизнеспен және брендтермен ынтымақтастыққа арналатынын мәлімдеді. Ал қолданыстағы C5 журналистік визасы журналистік тапсырмаларды орындау үшін Индонезияға келетін шетелдіктер үшін қолданыла береді. Осылай деген ол журналистер мен контент жасаушылар арасында айырмашылық барын, дәлірегі, олардың рөлдері мен міндеттері әртүрлі екенін атап өтті. Журналистер медиа ұйымдарда жұмыс істейді және кәсіби журналистік стандарттарды ұстануға міндетті, ал контент жасаушылар коммерциялық мақсатта контент жасай алады. Халықаралық деңгейде контент жасаушылар санының жылдам өсуі өз алдына бөлек жеке санаттағы визаларды ашу қажеттілігін талап етеді. Контент жасаушылар міндетті түрде журналист болмаса да олардың қызметі миллиондаған адамдарды (аудиторияны) қамтып, қоғамдық пікір қалыптастыра алады. Тіпті, бұл тарапта журналистерден де асып түседі. Ұсынылып отырған C5A визасы осындай әрекеттер үшін анағұрлым нақты құқықтық базаны қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. C5A туралы ұсынысты Индонезия Сыртқы істер министрлігі және басқа да тиісті ведомстволар қарайды. Аталмыш ережелер күшіне енгенге дейін Индонезияға келетін шетелдік келушілер олардың қызметіне сәйкес келетін визаны, мысалы, контент өндірісінің белгілі бір түрлері үшін C14 визасын пайдалануы тиіс.

0 пікір
Мұрағат