Әлемдегі алғашқы сұйық сутегімен жұмыс істейтін кеме суда жүзді (видео)
Әлемдегі алғашқы сұйық сутегімен жұмыс істейтін кеме суда жүзді (видео)
1 жыл бұрын 1032 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

MF Hydra паромы 300 жолаушы мен 80 көлікті тасымалдай алады және мұндай кеме жыл сайын атмосфераға бөлетін көмірқышқыл газының мөлшерін 95%-ға дейін азайтады. Бұл жайында islam.kz порталы экологиялық су көлігінің жаңа түрі туралы хабарлаған Interesting Engeneering ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Норвегиялық Norled компаниясы сутегі отынымен жүретін әлемдегі алғашқы паромды іске қосты. 2023 жылдың басынан бері аталмыш компания Елмеландтағы теңіз айдынында MF Hydra кемесінің сынақтарын ұдайы жүргізіп келеді. Паромның теңіздегі сынақтары сәтті аяқталып, компания Норвегия билігінен коммерциялық тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат алды. Паром ел ішінде үш қала арасындағы үш бағытта қатынайтын болады. Ол әрбіреуі 200 кВт болатын екі отын ұяшығының, 440 кВ болатын екі генератордың және екі айдағыштың арқасында ең жоғары жылдамдыққа ие. Кеме 80 м³ сутегі сақтау резервуарымен жабдықталған. Кеме халықаралық маңызға ие, өйткені, борттық сутегі жүйесін немістердің компаниясы жасаған, ал сутегін электр энергиясына айналдыратын отын элементтері Данияда әзірленген. Кемені құрастырушылардың айтуынша, тек осы паром мен ғарыш өнеркәсібі ғана сұйық сутегін отын ретінде пайдаланады. Әлемнің сауда-саттық қатынасының 80 пайызы су жолдарымен жүзеге асатанын ескерсек, атомосфераға зиянды қалдықтарды мейлінше аз бөлетін мұндай кемелердің бәсі жоғары болмақ.

0 пікір
Мұрағат