Токсоплазмозды жұқтырған жыртқыштың үйір көшбасшысы болу ықтималдығы 46 есе жоғарылайды (видео)
Токсоплазмозды жұқтырған жыртқыштың үйір көшбасшысы болу ықтималдығы 46 есе жоғарылайды (видео)
1 жыл бұрын 586 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Биологтер кеңінен тараған паразит жұқтырған қасқырдың мінез-құлқынан өзгеше құбылысты анықтады: токсоплазма (Toxoplasma gondii) жұқтырған жыртқыш үйір бастайтын кқшбасшы болуға ұмтылады. Бұл жайында islam.kz порталы nature.com сайтына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АҚШ-тың Йеллоустоун ұлттық паркінің зерттеушілері қасқырлардағы токсоплазмоз инфекциясының топтың демографиясы мен қасқыр мінез-құлқына әсерін талдады. 26 жылдық деректер нәтижесі инфекция жұқтырған жыртқыштың ондаған есе көшбасшы болу ықтималдығын арттыратынын көрсетті. Токсоплазмоз – Toxoplasma gondii паразиті тудыратын адамдар мен жануарлардың паразиттік ауруы. Аурудан жануарлардың жүйке, лимфа және басқа ағзалары мен жүйелері зақымдалады. Алдыңғы зерттеулер нәтижесі бұл паразитті жұқтырған қасқырлардың көбісінде аталмыш дерттің белгілері (симптомдары) көрінбейтінін көрсеткен, десе де оларды тұрақсыз ететін немесе агрессивті әрекетке бастайтын кейбір дәлелдер бар. Аурудың әсеріне тереңірек үңілу үшін зерттеушілер Йеллоустоун ұлттық саябағын мекендейтін 200-ден астам қасқырдан 1995 және 2010 жылдар аралығында алынған қан үлгілерін зерттеді. Ғалымдар, сонымен қатар, қасқырлардың бойында байқалуы мүмкін кез келген өзгерістерге қатысты деректерді зерделеу үшін бақылаушылардың жазбаларын талдаудан өткізді. Зерттеушілер аталған паразитті жұқтырған жас қасқырлардың жұқтырмағандарға қарағанда үйірін ертерек тастайтынын анықтады. Паразитті жұқтырған еркек қасқырдың туғаннан кейін алты ай ішінде отарын тастап кету ықтималдығы 50% жоғары болды. Әдетте (инфекциясыз) олар 21 айға дейін ата-аналарымен бірге болады. Мұндай ұқсастық ұрғашыларынан да байқалған: паразитті жұқтырған ұрғашы қасқырлардың әдеттегіше 48 айда емес, 30 айда өз үйірін тастап кету ықтималдығы 25% жоғары болды. Биологтар, сондай-ақ, паразитті жұқтырған еркек жыртқыштардың үйір көшбасшысы болу ықтималдығы 46 есе жоғары болатынын алға тартып отыр. Мінез-құлықтағы мұндай айырмашылықтар паразиттің қасқырдың тигізер миына әсерімен байланысты, деп пайымдайды. Токсоплазмоз жыртқышты батыл етеді, дәлірегі, үрей-қорқыныш секілді сақтыққа негізделген инстинктісін басып тастайды.

Ұқсас материалдар:

"Жануарларды агрессияға бастайтын бактерия анықталды" (https://islam.kz/kk/news/arturli/januarlar-alemi/januarlardy-agressiyaga-bastaityn-bakteriya-anyqtaldy-18369/#gsc.tab=0)

«Токсоплазма паразитін жұқтырған адамның сырт келбеті қалай өзгереді» (https://islam.kz/kk/news/gylym/toksoplazma-parazitin-juqtyrgan-adamnyn-syrt-kelbeti-qalai-ozgeredi-foto-17268/#gsc.tab=0);

«Ғалымдар адамзаттың жартысының бойында кездесетін паразитті атады» (https://islam.kz/kk/news/arturli/galymdar-adamzattyn-jartysynyn-boiynda-kezdesetin-parazitti-atady-16814/#gsc.tab=0);

«Мысық қауіпсіз жануарға айналады: ғалымдар Toxoplasma gondii паразитін бұғаттайтын әдісті тапты» (https://islam.kz/kk/news/gylym/mysyq-qauipsiz-januarga-ainalady-galymdar-toxoplasma-gondii-parazitin-bugattaityn-adisti-tapty-16766/#gsc.tab=0);

«Паразит тіршілігін жалғастыру үшін өз митохондриясын иесінікіндей етеді» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/parazit-tirshiligin-jalgastyru-ushin-oz-mitohondriyasyn-iesinikindei-etedi-14659/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік пен паразит арасында байланыс бары анықталды» (https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-pen-parazit-arasynda-bailanys-bary-anyqtaldy-14730/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат