Америкалық бағбан әлемдегі ең ашшы бұрыш өсірді (видео)
Америкалық бағбан әлемдегі ең ашшы бұрыш өсірді (видео)
7 ай бұрын 1119 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ед Керри есімді америкалық бағбан әлемде ең ашшы бұрыш өсіріп, өзі осыдан тура он жыл бұрын орнатқан рекордты жаңартты. Жаңа бұрыш сортының өткірлігі – SCOVILLE шкаласы (тіл күйдірер дәм) бойынша 2,69 млн жылу бірлігіне тең. Бұл жайында islam.kz порталы knife.media ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Салыстыру үшін алсақ, Халапеньо бұрышының жылу индексі 3 мыңнан 8 мыңға дейін SCOVILLE бірлігіне тең болса, ал 25 жыл бұрын ең ашшы деп саналған Хабанеро бұрышы 200-300 мың бірлікті құрайды. Америкалық бағбан бұл сортты шығару үшін табаны күректей он жыл тер төккен: Каролина Реапер сортын басқа өсімдікпен будандастырған. Өткір дәм ауырсыну рецепторларымен байланысатын және күйдіру сезімін тудыратын капсаициннің құрамымен анықталады. Өткір дәмнен дофамин мен эндорфин көптеп бөлінеді.

0 пікір
Мұрағат