Әрі бұлшықетті қатайтуға әрі ноутбукті қуаттауға арналған велогенератор жасалды (видео)
Әрі бұлшықетті қатайтуға әрі ноутбукті қуаттауға арналған велогенератор жасалды (видео)
8 ай бұрын 562 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Америкалық LifeSpan Fitness компаниясы кеңсе жұмысы кезінде сымбатыңызды жоғалтпауға көмектесетін әдісін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның Ampera велосипеді жұмыс күні бойы аяқтың бұлшық еттерін жаттықтыруға мүмкіндік беріп қана қоймайды, сонымен қатар, гаджеттерді зарядтауға жететін энергия өндіре алады.  Велосипед педалін жай басу арқылы сағатына 65 Вт-қа дейін қуат өндіріп аласыз, бұл шамадағы энергия смартфонды ғана емес, тіпті, ноутбукты да қуаттандыруға жеткілікті. Құрылғы белдік жетекті пайдаланады. Төменгі жағында қуаты 15 Вт болатын гаджеттерді сымсыз зарядтауға арналған панель және 65 Вт қуат беретін USB-C порты бар. Ең танымал екі операциялық жүйенің кез келгеніне арналған мобилді қосымшаны пайдалана отырып, сіз көрсеткіштерді біле аласыз, дәлірегі, алынған қуат шамасы, жойылған артық калория мөлшері, педал жылдамдығы, жүріп өткен қашықтық және т.б. ақпараттарды көре аласыз. Құрылғы құрылымының 40%-ы қайта өңделген материалдардан жасалған. Велосипед алюминилік құбырлардан әзірленген жақтауға жиналған. Орындығы матамен қапталған. Құрылғының алғашқы топтамасы 2023 жылдың қараша айының 1-і күні тапсырыс берушілерге жөнелтіледі.

0 пікір
Мұрағат