Әріптері алтындалған қасиетті Құран данасы 80000 долларға сатылды
Әріптері алтындалған қасиетті Құран данасы 80000 долларға сатылды
8 жыл бұрын 3238 Islam-today

Қасиетті Құран данасының стрек кездесетін данасы Ыстамбұл шаһарында өткен бәссаудада 80 мың доллар сатылды. Бұл жайында «The Siasat Daily» ақпарат көзі хабар таратты. Сарапшылардың айтуынша, аталған Құран данасына бір ғасырдан асқан, яғни, Османлы қағанаты тұсында жасалған. Оны сол тұстағы өз ісінің асқан шебері саналған Хасан Сабри есімді каллиграф хатқа түсірген. Әріптері 999 сынамасындағы алтынмен апталған. Аталған бәссаудада, сонымен қатар, дұға жазылған сирек кездесетін тақтайша да жұртшылықтың назарына ұсынылған еді. Оны Түркия Республикасының негізі қаланып жатқан тұста сол кездің шебер каллиграфы Кәміл Акдик жазған болатын. Ол 14 мың долларға сатылды. Сондай-ақ, бұл бәссауда да Құран мен дұғадан бөлек, Османлы қағанатына тән жүздеген суреттер мен картиналар және қолжазбалар жұртшылықтың назарына ұсынылған.

0 пікір
Мұрағат