Атмосфераның өздігінен тазару тетігі анықталды
Атмосфераның өздігінен тазару тетігі анықталды
1 жыл бұрын 1377 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Miguel A Amutio / Unsplash

Калифорния және Стэнфорд университеттерінің ғалымдары Жер атмосферасын өздігінен тазартудың жаңа тетігін анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceedings of the National Academy of Sciences (PNAS) мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Адам әрекетінен ауаны ластайтын зат атмосферада гидрокисд молекуласынсыз (ОН) жиналады. ОН ауадан улы күкірт диоксидін және азот оксидін кетіруге көмектесетін химиялық реакцияның жүруіне ықпал етеді. Атылмыш қосылыстың пайда болу процесін мейлінше терең түсіну өз кезегінде оған жасанды жолмен әсер етіп, атмосфераның қорғаныс ерекшелігін арттыруға мүмкіндік бермек. Бұрын күн сәулесі гидроксид синтезін ынталандырады деп есептеліп келсе, енді мұндай катализаторға қажеттілік шамалы болып қалды. Бұл бағыттағы зерттеу барысында ғалымдар екі түрдегі пробиркалардағы гидроксид концентрациясын (шоғырлану деңгейін) өлшеді: ауа-сулы ортадағысы және ауасы жоқ судағы. Содан кейін қараңғыда ОН қосылысының қалай түзілетіні қарастырылды, мұнда гидроксидтің өзі флуоресцентті жарықпен жарықтандырылды, өйткені, OH пайда болған кезде әрекеттесетін молекулалар пробиркаларға алдын ала үстелген (қосылған) болатын. Ғалымдар қараңғыда OH қосылысының түзілу қарқынының жарыққа қарағанда әлдеқайда жоғары екеніне көз жеткізген.

0 пікір
Мұрағат