Бидайдың жаңа сорты рекордтық деңгейде өнім берді
Бидайдың жаңа сорты рекордтық деңгейде өнім берді
2 ай бұрын 655 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Ресей ғалымдары күздік бидайдың жаңа сортын жасап шығарды. VNIISB-50  (ВНИИСБ-50) деген атау берілген сорт өнімділігі бойынша жоғары нәтииже көрсетті - гектарына 110 центнерге жуық астық алынған, бұл көрсеткіш гектарына шаққанда орталық Қара жер аймағында өсірілген барлық сорттар арасында рекорд орнатты. Бұл жайында islam.kz порталы ecopravda.ru ақпарат  көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ресей ғылым академиясының академигі, Бүкілресейлік ауылшаруашылық биотехнологиясы ғылыми-зерттеу институтының директоры Геннадий Карлов жаңа сорттың аязға және ауруға төзімділігі жоғары екенін және бұл қасиеті климаты қатал аймақты маңызды екенін алға тартты. VNIISB-50  (ВНИИСБ-50) бидайының сабағы да қысқа – бұл ерекшелігі жатып қалудан сақтайды. Бұл бағыттағы сынақ Орел қаласындағы «Бетагран тұқымы» алқаптарында жүргізілді. Ғалымдар VNIISB-50 сортының озық геномдық технологияларды қолдану арқылы жасалғанын атап өтті, бұл технология өз кезегінде жаңа сорттарды жасау процесін жылдамдатуға мүмкіндік береді. Ғалымдар қазіргі уақытта күнбағыс, жүгері және басқа да маңызды дақылдардың жоғары өнімді сорттарын жасаумен айналысуда.

0 пікір
Мұрағат