|
Бір адамға ғана арналған мешіт (фото)
|
Түркияның Білежік елді-мекенінің тұрғындарының назарын тек бір адамға ғана шақталған шағын мешіт аударып отыр. Белгісіз біреу жол бойында жолаушының намаз оқуына арнап осындай мешіт тұрғызып кетіпті. Бұл жайында түріктердің Yeni Şafak ақпарат көзі хабар таратты. Бурса қаласынан аталған елді-мекенге бағыт алған жолаушы осынау шағын мешітің жанынан ағып жатқан бұлақты байқай алады. Дәрет алуға су да табылады. Жол бойындағы шағын мешіт тақтайдан тұрғызылған. Адам көзі шалатын жеріне "Намаз оқитын орын" деп жазылған.

Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Қытай әлемде алғашқы болып пластик жол төседі (видео)
■
Израилдің жаңа қаруының артықшылықтары көрсетілді (видео)
■
Бір ауру түрінен күн сайын күллі әлемде 26 мың адам қайтыс болады
■
Алдындағы автокөліктерді «аттап» өте алатын Jeep жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
■
Түркия донер өндірісіне қойылатын талапты күшейтті