Ғасыр соңына дейін Жерде ауа қанша пайызға жылынады
Ғасыр соңына дейін Жерде ауа қанша пайызға жылынады
6 жыл бұрын 3955

Стэнфорд университеті жанындағы Карнеги институты климатологтарының пікірінше, атмосфераға «жылыжай эффектісінің» пайда болуына әкеліп соқтыратын газ бөліп шығару мәселесін шұғыл қайта қарау қажет. Аталған мәселе қолға алынбаған жағдайда ауа температурасы көтеріледі. Ал осы өзгерістің салдарынан мұхиттар өз деңгейлерінін асып, құрамындағы тұз мөлшері артып, жан-жануарлар мен өсімдіктер жойылуы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі tass.ru басылымына сілтеме жасап. 

Жылыжай эффектісінің пайда болуына әкеліп соқтыратын газ бөліп шығару мәселесін ретке келтірмесек, 2100 жылы ауа температурасы 15%-ға дейін көтеріледі. Осындай болжам жасады америкалық зерттеушілер тобы. Олар, алдымен, Жердің қолдан жасалған моделінің көмегімен тәжірибелер жасаған екен.

Карнеги институтының ғалым-климатологтары баяндамасындағы ақпаратқа сүйенсек, мұндай улы газдар табиғи көмірсутектердің жануына әкеліп соқтырады. Осының нәтижесінде жылыжай эффектісі пайда болады.

Ғалымдар ғаламдық жылыну мәселесі төңірегінде пікір-талас жүргізіп келеді

2014 жылы Жер климаты эфолюциясы төңірегінде зерттеу жүргізген халықаралық сыншылар тобы ХХІ ғасырдың соңына қарай болуы мүмкін деген ғаламдық жылынуға қатысты баяндаламаларын жариялады. Сол кезде бұл мәселе адамзат үшін аса қауіпті болып көрінбеген еді. Енді калифорниялық мамандар өздерінің ғылыми зерттеулеріндегі болжамдарды аталған сыншылар да растап отырғанын жеткізді.

Nature журналында жарияланған Браун мен Кальдейрдың болжамы оқиғаның дамуы барысындағы ең жағымсыз болжамдар болып қалмақ. Себебі, олардың айтуынша, ХХІ ғасыр соңына қарай планетаның ауа температурасы 3,2-ден 5,9 градусқа дейін көтерілуі мүмкін. Яғни осының салдарынан мұздықтар жылдам еріп, құрлықты су басады. Мұнымен қатар, калифорниялық ғалымдардың айтуынша, ауа температурасының 0,5%-ға өсуінің өзі Жер планетасына айтарлықтай кері әсерін тигізеді.

Әлем мұхиттары деңгейінің көтерілуі – басты қауіп емес

Карнеги институты мамандарының айтуынша, ауа температурасы бір немесе одан көп градусқа жетсе, әлем мұхиттарының деңгейі көтеріліп қана қоймай, оның тұздылығы артады. Ал осының салдарынан теңіздегі флора мен фауна жойылады.

2015 жылы бірнеше мемлекет басшылары ауа температурасын адамзат үшін қауіпті +2 градустан айтарлықтай төмен ұстау туралы париждік құжатқа қол қойған.

 
 
 
 
0 пікір
Мұрағат