Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
Сауытты бұзатын ұшқышсыз ұшу аппаратының мүмкіндіктері жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
12 күн бұрын 809 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Құрышты тесіп өтуге қабілетті, жаңа, камикадзе ұшқышсыз ұшу аппараты - ALTIUS-700M дроны алғаш рет Америка құрама штаттарының аумағында сынақтан сәтті өтті.  Anduril компаниясы әскери құрылғының мүмкіндіктерін бейнетаспа арқылы көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы The War Zone ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Жаңа қару ALTIUS-600M ұшқышсыз ұшу аппаратының концепциясын қайталаған. ALTIUS-700M үлкенірек және пайдалы функциясы әлдеқайда көп. Бұл жаңа ұшқышсыз ұшу аппаратының жаудың ірі әрі берік брондалған әскери техникаларына қарсысынан, қашықтан шабуыл жасауға мүмкіндігі бар. ALTIUS-700M салмағы 15 келі тартатын оқтұмсықты тасымалдай алады. Құрастырушы компания оның қуатын танкке қарсы AGM-114 Hellfire зымыранымен салыстыруға болатынын атап өтті. Дрон танктерге, брондалған машиналарға, кемелерге және инфрақұрылымға жойқын соққы бере алады. Құрылғының ұшу қашықтығы – 160 шақырым, ұзақтығы – 75 минут. ALTIUS дрон бағдарламалық құралы бір операторға түрлі мақсатта ұшатын бірнеше дрондарды басқаруға мүмкіндік береді

 

0 пікір
Мұрағат