|
Инженерлер жерді үңги алатын робот құрастырды (видео)
|
Италиялық ғалымдар I-Seed тұқым пішініндегі робот жасады. Ол топырақты зерттеуге арналған, өзін қоршаған орртаның ылғал деңгейіне қарай пішінін өзгерте алады, бұдан бөлек, батареясыз немесе сыртқы энергия көзінсіз жұмыс істейді. Бұл жайында islam.kz порталы opentalk.iit.it ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Робот биологиялық тұрғыдан ыдырайтын материалдан 3D принтерінде басып шығарылды. Оны көптеген салада – қоршаған ортаның мониторингісінен бастап, орман-тоғайды қалпына келтіруге дейін қолдануға болады. Ғалымдар бұл роботты Африка құрлығының оңтүстігінде кездесетін Pelargonium appendiculatum тұқымдарына қарап жасады. Олар қоршаған ортаның ылғалдылығының өзгеруіне жауап ретінде пішінін өзгертуге қабілетті.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мәйітті жерлеудің тағы бір түрі пайда болды
■
Еуроодақ атылатын қарулар мен 3D-принтерінде басылған қарулар бойынша қылмыстық жауапкершілік енгізейін деп жатыр
■
Түркі елінде сирек кездесетін аурулардан зардап шегетін науқастар саны артып келеді
■
Құлдық индексі, бала сату және «алтын үшбұрыш»: Қазақстанның адам саудасымен күресі
■
Қазақстан Орталық Азияда тағы бір саланың тұңғыштар тізімін толықтырды