|
Мектептерде хиджаб киюге рұқсат беріле ме
|
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқушылардың хибдаж киіп мектепке келуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтан мектептерде хиджаб киюге рұқсат беріле ме? - деген сауал қойды.
«Бәріміз білеміз, Конституцияда жазылғандай, біз зайырлы мемлекетпіз. Сондықтан мемлекет те, мектептер де Конституцияға сәйкес өмір сүруі керек деп ойлаймын. Зайырлы мемлекеттік заңды орындауға тиіспіз. Мектепте балалардың білім дағдыларын қалыптастырған кезде ол заң талаптарына сәйкес жүргізілуі керек», - деген жауап қатты Ғани Бейсембаев.
Айта кетейік, министр аталған сауалға нақты «иә» немесе «жоқ» демеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Мысыр Nvidia технологияларын қолдана отырып, құны 1 миллиард доллар болатын дата-орталықтың AI орталығын салады
■
Бейнебақылау камерасының адам психикасына бейсаналы әсерінің салдары анықталды
■
Адам ДНҚ-нан “құдіретті күштің” ізі табылды
■
Маймыл тапшылығы тұтас индустрияның дағдарысына бастайды
■
Макао мұсылман саяхатшыларын тарту үшін халал индустриясын дамытады