Әлемдегі құстардың үштен бірі қырылуы мүмкін
Әлемдегі құстардың үштен бірі қырылуы мүмкін
3 жыл бұрын 2049 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Бірыңғай ғалымдардан жасақталған топ анықтағандай, әлемдегі құстардың 52%-ы пластикпен қоректеніп қана қоймай, сонымен қатар, оны өзінің жемсауына жинап жүр. Әсіресе, теңіз құстары, соның ішінде Оңтүстік Атлантикадағы Гоф аралын және Антарктида маңындағы Марион аралын мекендейтін, сондай-ақ, Гавай жағалауында әрі Австралияның батысында тіршілік ететін құстар пластикпен қоректенуді әдетке айналдырған. Ғалымдар бұл тарапта әлемнің әр түкпірінен теңіз құстарының 32 түрін қадағалап, зерттеген екен. Бұл жайында islam.kz порталы jstage.jst.go.jp ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Әлемдік мұхитқа тап  болған пластик күн сәулесінен ұсақ бөлшектерге (микропластик) бөлінеді. Көлемі жағынан ұсақ шабақтардай немесе құстар қоректенетін жәндіктердей болатын микропластик әлемдегі құс атаулының үштен бірінің түбіне жетуі мүмкін. Ғалымдар осылай дабыл қағып отыр. Ғалымдар бұл бағытта әлемнің түрлі 16 аймағынан 145 теңіз құсының ұйқы безіндегі майды зерделеген екен – аталған майдағы химиялық заттардың шоғырлану деңгейін өлшеп көрген болатын. Осылайша құстардың ішкі май қорындағы ластаушы заттар құрамына үңілген. Нәтижесінде әлемдегі құстардың шамамен 30%-ы химиялық заттарды жинаған. Микропластикпен қоректеніп. Ал жaлпы құстардың 52%-ы микропластикпен қоректенуді әдетке айналдырған.

0 пікір
Мұрағат