Ауадан су өндіретін, тіпті, шөлде де жұмыс істейтін қондырғы жасалды (видео)
Ауадан су өндіретін, тіпті, шөлде де жұмыс істейтін қондырғы жасалды (видео)
3 жыл бұрын 3849 Материалды көшіріп басқан кезде islam.kz порталына гиперсілтеме берілуі міндетті

Reuters ақпарат ресурсының хабарлауынша, Энрике Веги есімді 82 жастағы испандық қария құрғақ ауаның өзінен су өндіретін машина құрастырған. Аталмыш технология су буының конденсациясы үшін электр энергиясын пайдаланады. Бұл жайында islam.kz порталы аталған ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Оның бұл құрылғысы шалғайдағы шөлейт елді-мекендер үшін қажет. Оның машинасы кәдімгі желдеткіш принципі бойынша жұмыс істейді. Құрылғы қоршаған ортаның ауасын салқындату үшін электрді пайдаланады, артынан су буын конденсиялайды. Машинаны жетілдіріп, 40 °C-тан жоғары температурада да жұмыс істейтін деңгейге жеткізіп, Aquaer компаниясының негізін қалаған болатын. Бүгінде аталған компания тағам өнеркәсібі мен денсаулық сақтау саласын сумен қамтамасыз етіп отыр, бұдан бөлек, Water Inception үкіметтік емес ұйым арқылы шағын қалаларды құрылғылармен жабдықтап отыр. Машинаның шағын нұсқасы күнәне 50-70 литрге дейін су өндірсе, үлкені тәулігіне 5000 литрге дейін су өндіре алады. Испандық қарияның бұл құрылғысын бүгінде Ливандағы Трипол қаласы маңындағы босқындар лагеріне қою үшін қаражат жинастырылып жатыр.

0 пікір
Мұрағат