Бал арасы жұп пен тақ сандарды ажырата алатын болды (видео)
Бал арасы жұп пен тақ сандарды ажырата алатын болды (видео)
2 жыл бұрын 1549 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Австралиялық ғалымдар бал арасының жұп пен тақ сандарды ажырата алатынын анықтады. Бұл жайында islam.kz порталы адамзат пен қоршаған ортаға тигізер пайдасы ұшан-теңіз жәндіктің осынау ерекше қабілетіне қатысты зерттеу материалы жарияланған sciencealert.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Ғалымдар бал арасының мұндай қабілетін арнайы тәжірибе жасап тексеріп көрді. Ғалымдар араларды бірнеше топқа бөліп, жұп сандарды қант суымен және тақ сандарды құрамында хинин бар сумен байланыстыруға үйретті, бұл сұйықтыққа ашшы нәрсе қосты. Жәндіктердің басқа тобына қарама-қарсы ассоциациялар үйретілді. Жәндіктер 80% дәлдікпен дұрыс нұсқаны таңдап үйренгенше, ғалымдар араларға жұп және тақ сандары бар карталарды көрсетумен болды. Ғалымдар бұрын көрсетілмеген картаны көрсеткенде олардың дәлдігі төмендеген, соның өзінде олардың дәл табу қабілеті 70%-дан кем болмаған еді. Тәжірибе жүргізілген аралар тобының дағдылану жылдамдығы әр түрлі болды. Тақ сандар тәтті сумен байланысты тәжірибеге тартылған аралар тобы басқа топтағыларға қарағанда тез үйренген. Себебі, аралар тәттіге үйір. Ал адамдардың араларға қарағанда жұп сандарды шапшаң жіктейтіні белгілі. Ғалымдардың тұжырымынша, тақ сандарды жіктеу үлкен және күрделі миды қажет етпейді. адам миы 86 млрд нейроннан тұрады, ал араның миы шамамен 960 000 нейроннан тұрады. Бұл тапсырманың өте қарапайым екенін дәлелдеу үшін ғалымдар небәрі бес нейроннан тұратын нейрондық желіні ойлап тапты. Тіпті, осының өзі жұп және тақ сандарды ажырату үшін жеткілікті болып шықты. Десе де бұл аралар мен нейрожелінің тасырманы шешу үшін бірдей тетікті пайдаланғанын білдірмейді, ғалымдар араларда бұл процестің қалай өрбитінін алдағы уақытта зерттей жатады.

0 пікір
Мұрағат