Климат дағдарысы мен саятшылықтан жүз жылда құстың 500-дей түрі жойылады
|

Британ ғалымдарының зерттеу нәтижесі алдағы бір ғасыр ішінде 500-ден аса құс түрінің жойылатынын көрсетті. Бұл жайында islam.kz порталы Nature Ecology & Evolution мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл көрсеткіш құстарға бақылау жүргізіле бастаған 1500 жылдағы жойылған құс түрлерінен екі есе көп. Адам араласпаса, табиғат оларды қалпына келтіре алмайды. Рединга университетінің ғалымдары Қызыл кітап деректерін талдай келе 10 мыңға тарта құс түрін сараптамадан өткізген екен. Ғалымдар бұл тарапта құстардың тіршілік ету ортасының жойылуынан немесе жарамсыз күйге түсуінен бастап, саятшылыққа дейін түрлі факторларды ескере келе құс түрлерінің жойылу қатерінің есебін жүргізген. Қорытындысы: 2115 жылға дейін құстың 512 түрі жойылады. Бұл құбылыс өз кезегінде морфологиялық әр алуандылықтың күрт төмендеуіне ықпал етпек. Ал бұл жайт тұтас экологиялық жүйенің тұрақтылығын одан ары әлсіретеді. Тіпті, адамзат ертеңгі күннен бастап табиғатқа қол сұқпай, аңшылық пен саятшылықтан тыйылған күннің өзінде, жаһандық жылынуға себеп болған атмосфераны көмірқышқыл газымен ластауды тоқтатқаннын өзінде шамамен 250 құс түрі бәрібір жойылады. Себеп – қазірді өзінде олардың саны өсуді жалғастырудан қалған әрі тіршілік ету ортасы шектен тыс тарылған. Ірі құстар алдымен жойылады, тұрына байланысты саятшылардың оғынан әрі климат дағдарысынан тез қырылады. Ғалымдардың айтуынша, ең болмағанда 100 бірегей құс түрін құтқаруға басымдық берілсе, түрлерінің 68% -ын сақтап қалуға, яғни, экожүйенің саулығын сақтауға мүмкіндік береді.




