|
Жасанды зерде дарвиндік эволюция белгілеріне ие болатын кезге жақын қалды
|
Жасанды зерде технологиясының даму қарқыны ғалымдардың өзін қайран қалдыратын деңгейге жеткен. Бұл жайында islam.kz порталы Proceedings of the National Academy of Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. АІ-ді қазірдің өзінде қатаң бақылауға алмаса болмайтынын алға тартып, дабыл қаға бастаған ғалымдардың сөзіне сенсек, АІ дарвиндік эволюция белгілеріне ие бола бастаған. Бұл құбылыс адамзатқа төтенше қауіп төндіреді. Дәлірегі, АІ ойлау қабілеті жағынан адамға жақын қалған. Брюссел университетінің жасанды зерде профессоры Люк Стилс дарвиндік эволюцияға ие болған АІ -ден төнетін басты қауіп - олардың мақсаты адамзаттың мақсатымен қабыспайды. Керісінше жасанды зерде адамзатты өз бақылауына алуға тырысуы мүмкін. Этвеш Лоранд жоғарғы оқу орнынан осы зерттеуге атсалысқан Виктор Мюллер есімді биолог та адамзаттың биологиялық эволюцияның даму қабілетіне ие болған жасанды зерденің тұтқынына айналуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Сарапшылардың көпшілігі АІ дамуының негізгі қаупі ретінде аталмыш технологияның барлық когнитивтік қабілеттері бойынша адамнан асып түсетін гипотетикалық шектен көреді. Тіпті, жеңіске жету үшін зияткерлік артықшылықтың болуы шарт емес. Мысал үшін алысқа барудың қажеті жоқ - санасы жоқ құтыру вирусы өзінің сүтқоректі қожайындарын манипуляциялай алады. Ал технологияны бақылауға келсек, оның өзі адамның қолынан келе қояр ма екен - биологиялық процестердің өзі заңдылығы бар, мәселен, бактериялар мен зиянкестер антибиотиктер мен пестицидтерге төзімділігін қалыптастырып, дәрі-дәрмекке бой бермейтін болған. Егер жасанды зерде бақылауға келмейтін деңгейге жетсе, онда көміртегіге негізделмеген жаңа тіршілік иесі пайда болуы мүмкін.