Жарғанатқа маса арқылы екпе салудың жолы табылды
Жарғанатқа маса арқылы екпе салудың жолы табылды
16 сағат бұрын 154 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Қытай ғалымдары жарқанат арқылы таралатын қауіпті аурулардың алдын алудың инновациялық әдісін ұсынды. Бұл жайында islam.kz порталы Science Advances мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл технологияда масалар мен тұзды тұзақтар маңызды рөл атқаруы мүмкін. Жарғанаттар - көптеген қауіпті вирустардың, соның ішінде Эбола мен коронавирустардың табиғи резервуары, яғни, ошағы. Адамға жемтігін түнде аулайтын аталмыш жануардан тікелей жұғуы да, аралық иелері немесе ластанған ас-су арқылы да жұғуы мүмкін. Осы қатермен күресу үшін оларды аулауға әрі екпе салуға тура келетін. Алайда, мұндай қарадүрсін әдіс тиімсіз, экожүйелер үшін қауіпті және табиғатта іске асыру қиын тәсіл. Қытай ғылым академиясының Хайуанаттар институтының ғалымдары жануарлардың табиғи мінез-құлқын және олардың масалармен өзара әрекетін осы мақсатта пайдалануға мүмкіндік беретін технологияны ұсынды. Бірегей әдіс үш қарапайым фактіге негізделген: жарғанаттар масалармен қоректенеді, ал масалар тышқандарды шағады, ал тышқандар өз кезегінде көптеген сүтқоректі сияқты тұзды жақсы көреді. Зерттеушілер вакцинаны везикулярлық стоматиттің рекомбинантты вирусы негізінде жасап, оған құтыруды қоса алғанда, түрлі вирустардың ақуыздарын енгізді. Бірінші әдіс - «ұшатын шприцтер». Зертханалық масаларды екпесі бар қанмен қоректендіреді, вирустың жасушаларында көбеюіне мүмкіндік берді, содан кейін олардың тұмса табиғатта көбеюіне жол бермеу үшін рентгенмен стерилизацияланды, яғни, залалсыздандырылады. Екіншісі - тұзды тұзақ тәсілі: исі тышқандарды тартатын тұзды екпемен араластырып, қоршаған ортаға шашуды ұйғарады. Қытай ғалымдары бұл әдістің тиімділігін тексеріп кқру үшін табиғт үңгірді көз алдыңа әкелетін екі үлкен әрі жабық кеңістікке екі түрлі жарғанатты және екпе тарататын масаларды кіргізді. Бірнеше аптадан соң тышқандардың бойынан құтыруға қарсы антидене пайда болған. Ең артықшылығы бұл әдістің - кеңіненн қолдануға қолайлы болып келетіндігінде.

0 пікір
Мұрағат