Жасанды зерде науқастың ауруын анықтауда адамдардан асып түсті
Жасанды зерде науқастың ауруын анықтауда адамдардан асып түсті
6 ай бұрын 1081 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Фото: PeopleImages.com - Yuri A / Shutterstock / Fotodom

Жасанды зерде (АІ технологиясы) адамға қарағанда әлдеқайда дәл диагноз қояды. Әсіресе, стресс жағдайындағы науқастың ауруын анықтағанда. Бұл жайында islam.kz порталы өз кезегінде әлемге әйгілі Гарвард және Стэнфорд университеттерінің біріккен зерттеу нәтижесіне жөн сілтеген Telegram әлеуметтік желісіндегі Baza арнасына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. «Пациентті реанимацияға (жансақтау бөліміне) қабылдау кезеңінде диагностика дәлдігі жасанды зерде үшін 79,7 пайызды құраса, ең үздік дәрігерлер үшін 75,9 пайыздан аспады. Жасанды зерде, әсіресе, ауыр жағдайларда, барлық ауру тарихын мұқият талдауға уақыт жетіспейтін кезде өзін жақсы жағынан көрсетті», — деп айтылған хабарламада. Осы орайда дәрігерлердің науқастың бойындағы ауруды дәл анықтауда жіберетін қателігінен оран алатын өлім-жітім көрсеткіші он пайызды құрайтынын айта кетпекпіз. Мұндай қайғылы жайттың орын алуына жасанды зерде технологиясы көп тосқауыл қоятын болады.

0 пікір
Мұрағат