Жасанды зердеден адамзатқа келер ықтимал қауіп жөнінде сарапшыларға сауалнама жүргізілді
Жасанды зердеден адамзатқа келер ықтимал қауіп жөнінде сарапшыларға сауалнама жүргізілді
4 ай бұрын 864 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті. Фото: Joshua Reddekopp / Unsplash

AI Impacts компаниясы жасанды зерденің (AI) қолданылу аясының кеңеюіне байланысты адамзаттың ықтимал болашағы туралы 3000-ға жуық осы сала сарапшыларына сауалнама жүргізді. Нәтижесі arXiv алдын ала басып шығару серверінде жарияланған.  Бұл жайында islam.kz порталы lenta.ru ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Бұл бағыттағы сауалнамаға қатысушылардың көбісі АІ ғылым мен білім, өнер, сәулет, математика, т.б. салаларды зор жетістіктерге бастайтынына сенім білдірсе, 38-51 пайызы аталмыш технологияның ықтимал қатері кем дегенде он пайыздан кем болмайтынын алға тартқан. Сарапшылар 2047 жылға қарай машиналардың адамның барлық мүмкін тапсырмаларын өз бетінше орындау мүмкіндігіне ие болатын ықтималдылығы 50 пайызға жететінін тілге тиек етіп отыр, АІ тапсырмаларды аса жоғары тиімділікпен және аз шығынмен атқаратын болады. Респонденттердің жартысынан көбі AI жалған және жаңылыстыратын ақпараттарды таратуы мүмкін деп есептейді. Бұл технологияның ақпаратты бұрмалау мүмкіндігі қандай да бір мемлекеттің ішкі саяси ахуалына және халықаралық қатынастарға кері әсерін тигізуі мүмкін. Ал бұл жайт өз кезегінде қарулы қақтығыстарға ұрындыруы ықтимал. Сондай-ақ, қоғамдық пікірді манипуляциялау (яғни, қоғамдағы пікірге айла-шарғы жасап, бақылауына алу) арқылы тұрақсыздық тудыруы мүмкін.

Ұқсас материалдар:

«Жасанды зерде жаһандық проблеманы тереңдетеді» (https://islam.kz/kk/news/alem/jasandy-zerde-jahandyq-problemany-terendetedi-19710/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде адамзатқа жасанды зерденің қауіпті екенін өзі ескертті» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-zerde-adamzatqa-jasandy-zerdenin-qauipti-ekenin-ozi-eskertti-16172/#gsc.tab=0);

«Жасанды зерде де манипуляцияға бейім болып шықты» (https://islam.kz/kk/news/arturli/jasandy-zerde-de-manipulyatsiyaga-beiim-bolyp-shyqty-19448/#gsc.tab=0);

«Cарапшы жасанды зердеден келетін негізгі қауіп-қатерді атады» (https://islam.kz/kk/news/gylym/carapshy-jasandy-zerdeden-keletin-negizgi-qauip-qaterdi-atady-15773/#gsc.tab=0);

«Адамды өлтіретінін немесе тірі қалдыратынын өзі шешетін жасанды интеллекті жасауға тапсырыс берді» (https://islam.kz/kk/news/alem/adamdy-oltiretinin-nemese-tiri-qaldyratynyn-ozi-sheshetin-jasandy-intellekti-jasauga-tapsyrys-berdi-11280/#gsc.tab=0);

 «Жасанды интеллекті және гомеостаз» (https://islam.kz/kk/news/gylym/jasandy-intellekti-jane-gomeostaz-12777/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат