Жасанды зерденің бей мен кедей арасындағы алшақтыққа қалай әсер ететіні айтылды
Жасанды зерденің бей мен кедей арасындағы алшақтыққа қалай әсер ететіні айтылды
4 ай бұрын 836 Материалды көшіріп басқанда islam.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті

Жасанды зерде экономикалық теңсіздікке өз әсерін тигізеді. Бұл жайында islam.kz порталы Heliyon мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Қытай ғалымдарының пайымдауынша, АІ технологиясы қоғамдағы байлық пен табыс арасындағы тепе-теңдікті өзгертуі мүмкін. Дәлірегі, АІ-ге негізделген автоматтандыру процесі байлық теңсіздігін тереңдетеді, сонымен қатар, бұл алшақтық пен айырмашылықты жұмсартатын фактор да бар. Шанжоу және Шенжен университеттерінің (Қытай) зерттеушілері АІ технологиясы экономикалық өсімге және қоғамның әл-ауқатын жақсартуға ықпал етеді, деген қорытындыға келіп отыр. Бұл тарапта ғалымдар әзірлеген модел еңбек нарығында, капитал нарығын да ескеретін болады. Бұдан бөлек, аяқ астынан болатын өлім-жітім мен адамдардың өмір бойы табыс табу мүмкіндігін де назардан тыс қалдырмайды. Бұл бағыттағы зерттеу АІ-ге негізделген автоматтандыру процесінің экономикалық өсуге сөзсіз ықпал ететінін, соған қарамастан табыс деңгейіндегі, әсіресе, еңбек пен капиталдан түсетін кірістер арасындағы теңсіздікті арттыратынын көрсетті. Өнімділіктің артуы жалақы мен пайыздық мөлшерлемелердің өсуіне итермелейді. Соңғысы өз жұмыс процестеріне АІ-ді енгізуге ұмтылатын кәсіпорындар мен неғұрлым жетілдірілген АІ жасайтын компаниялар тарапынан сұраныстың өсуіне негізделетін болады. Жалақылар өскенімен капитал кірістілігі сияқты жылдам өспейді. Аталмыш зерттеу авторларының айтуынша, «Хикс бойынша бейтарап» технологиялар мен инновациялар байлықты бөлудегі алшақтықты жоя алады. 1932 жылы Жон Хикс есімді экономист алғаш рет енгізген тұжырымдама бойынша нақты шығындар мен тауар мөлшеріне шаққанда еңбек пен капитал теңгеріміне әсер етпейтін кез келген технологиялық өзгерістер «бейтарап» болады. Мәселен, фабриканың өндірістік процесіндегі Хикс бойынша бейтарап өзгерістер еңбек пен машиналардың (капиталдың) тиімділігін бірдей шамаға арттыратындай сипатқа ие. Дегенмен, экономиканың өсімі мен әлеуметтік әділеттіліктің теңгерімін қалпына келтіруге, дәлірегі, таразы басын тең ұстауға көмектесетін бөлу тетігі секілді саяси іс-шаралар арқылы бұл олқылықты түзетуге болады.

0 пікір
Әлеуметтік парақшаларымызға жазылыңыз:
Мұрағат
Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жк
30 1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31 1 2 3