|
Келесі жылы қажылық сапары қымбаттауы мүмкін
|
Келесі жылы, дәлірегі, 2018 жылы қажылық сапары қымбаттауы әбден мүмкін. Бұл жайында marwa.ru ақпарат көзі хабар таратты. Қажылық сапарының қымбаттауына саудиялық компаниялар ұсынатын қызмет түрлері ақысының көтерілуі себеп болмақ. Нақтырақ айтқанда, "Мәдина-Мекке-Машаир-Жидда" бағытында қатынайтын көліктердің көрсететін қызмет ақысы көтеріледі. Бұған қоса, Мина жазығы мен Арафат тауы етегіндегі палаткаларға жайғастыру ақысы да өспек. Сонымен қатар, құрбан шалғысы келетін қажылардан 170 доллар мөлшерінде арнайы ақы алынады. Құрбандыққа ақша шығарғысы келмегендер виза ала алмайды. Алдын-ала алынған мәліметке қарағанда, қасиетті сапар ақысы 2600 доллардан 3400 долларға дейін көтерілмек. Түпкілікті шешім мен бағасы кейінірек белгілі болады.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
18 жастағы бойжеткен ауызсуды микропластиктен 95%-дан аса тазартатын әдісті ойлап тапты (видео)
■
Жарақатты теріде тыртық қалдырмай емдеу жолы табылды
■
Бір оператордың бақылауындағы дрондар немесе дрондар үйірін бір орталықтан басқаратын жүйе (видео)
■
Иран стратегиялық бұғазды экономикалық кіріс көзіне айналдыруды заңдастырады
■
Түсік жасатқысы келетін әйелге алдымен наным-сеніміне қарай дін қызметкерімен сөйлесуді міндеттейтін ережесі бар емханалар қай елде