Кескен кезде «қан» шығатын ағашқа жойылу қатері төнді (видео)
Кескен кезде «қан» шығатын ағашқа жойылу қатері төнді (видео)
2 жыл бұрын 3994 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Жергілікті жұрт «қанды ағаш» атап кеткен Pterocarpus angolensis ағашы Оңтүстік Африка республикасы, Ангола, Мозамбик, т.б. аумағында өседі. Бұл ағаштың ерекшелігі – кескен кезде ағатын адам қанына ұқсас шырыны бар, яғни, күрең қызыл түсті шырынымен айрықшаланады. Бұл жайында islam.kz порталы Oddity Central ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Африка құрлығындағы бұл ағаш әдетте сапасы жоғары жиһаз бен саз аспаптарын жасауда пайдаланылады. Ол термиттерге (африкалық құмырсқа) төзімді әрі хош иісімен баурап алады. Бұған қоса, отқа жөпшеңді жанбайды, осы қасиеті үшін оны оттан қалқан ретінде қолданады. Дегенмен, жергілікті жұрт оның сиқыр күші бар есептейді, көбінесе, оны ем-дом шараларында пайдаланады. Алайда, халық медицинасында оның емдік тиімділігі расталмаған. Биіктігі 15-16 метрге дейін жететін бұл ағаштан тек жиһаз бен саз аспаптары ғана жасалып қоймайды, сонымен қатар, оның шырынынан бояу әзірленеді. Десе де экологтар бұл ағаштың аяусыз оталып, жойылу қатеріне жақындап қалғанын айтып, дабыл қағып жатыр. Алайда, қаншасы оталды, жойылу қатерінің деңгейі туралы нақты ақпарат берілмеген.

Ұқсас материал:

«Қызыл кітапқа енген Қызыл ағаш Қытай асып жатыр» (https://islam.kz/kk/news/alem/qyzyl-kitapqa-engen-qyzyl-agash-qytai-asyp-jatyr-12218/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат