Өсімдіктер де пластикпен «қоректенетін» болып шықты
Өсімдіктер де пластикпен «қоректенетін» болып шықты
4 жыл бұрын 3951 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар өсімдіктердің тамыры арқылы пластиктің тозаңдарын сіңіретінін анықтады. Былай қарасаң, бүгінде адамзаттың бас ауруына айналған пластик проблемасын еңсеруге мүмкіндік беретіндей көрінгенімен бұл жайт өсімдіктің өзін өзгертеді, осыған орай адамзат тұтынатын азықты да өзгертеді. Ғалымдар бұған зертханада тәжірибе жасап көз жеткізген. Дәлірегі, Arabidopsis thaliana шөбінің тамырына көлемі 100 нанометрден кіші уатылған пластиктің күлдей тозаңдарын сепкен болатын. Түсінікті болу үшін салыстырып көрейік: әдеттегі жазу жазылатын ақ парақтың қалыңдығы шамамен 100 000 нанометрді құрайды. Яғни, бұл арада пластиктің титтей тозаңдары турасында сөз болып отыр. Бұл бағыттағы тәжірибе барысында ғалымдар пластиктің өсімдікке қаншалықты дендеп енетініне әрі оның шөп генетикасына әсерін мейлінше мұқият зерделеп көруді алдына мақсат етіп қойған еді «Авторлар топырақтағы микропластиктің шоғырлану деңгейіне назар аударды. Әлбетте, зертханадағы зерттеу үшін қолданылатын мөлшер турасында емес, қоршаған ортадан табылған концентрацияны білу турасына сөз болып отыр»,- деп түсіндірді Rutgers фармакология және токсикология кафедрасының доценты Фиби Стэплтон. Нанобөлшектер өсімдік тамырының тіндерінен өтіп, су өткізбей тастады. Осылайша нанопластик өсімдіктің өсуіне кедергі келтірген. Бұл да ештеңе емес-ау, ең қиыны, ғалымдардың топшылауы бойынша пластик өсімдіктің генетикалық құрамын өзгертіп жіберуі мүмкін. РНК-ның тіркелген тізбектілігі түрлі ауруларға төтеп бере алмайтынын қаперге алсақ, ғалымдар бұл бағыттағы ізденісін тоқтатпайды. Айтқандайын, күн суытқанда немесе ойламаған жерде үсік жүргенде енді-енді қылтиып көктеп келе жатқан өсімдіктің үстін пластикті пленкамен жауып жатады. Бұл пайдасынан гөрі зияны басым әрекет екенін естеріңізге сала кетеміз. Өйткені, пластиктің микроскопиялық бөлшектері алысқа тарайды. Экологиялық ғылым мен инженерия профессоры Сянь-Чжэн Юань (Қытайдағы Шандун университетінің ғалымы) өсімдіктердің белгілі бір бөлігі азық ретінде қолданылатындықтан пластик тек өсімдікке қана емес, сонымен қатар, адам денсаулығына да айтарлықтай қауіп төндіріп отырғанын алға тартып отыр.

0 пікір
Мұрағат