Көк шайдың құрамындағы зат қатерлі ісіктің өз-өзін жоюына ықпал ететін болып шықты
Көк шайдың құрамындағы зат қатерлі ісіктің өз-өзін жоюына ықпал ететін болып шықты
3 жыл бұрын 7185 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Ғалымдар осы жаңалық негізінде қатерлі ісікпен тиімді күресуге мүмкіндік беретін жаңа дәрі жасауға болатынын алға тартып отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Nature Communications мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Көк шайдағы ұшпалы зат қатерлі ісікті p53 ақуызының молекуласын істеп шығаруға мәжбүрлей отырып жоя алады. Аталған ақуыз молекуласы геннің тұтастығын тексеруге жауап береді. Америкалық ғалымдардың тұжырымы осындай. Біз сөз етіп отыpған p53 гені егер ДНҚ-сы ауыр зақым алса жасушаның өз-өзін жоб тетігіне жауап беретін ақуыз өндірісін басқарады. Аталған гендегі мутациядан көптеген қатерлі ісік түрлері пайда болады. Бұдан бөлек, мұндай мутациядан пайда болған қатерлі ісік химиялық терапияға бой бере бермейді. Кей жағдайда p53 гені зақымдалмағанымен ДНҚ-ның өзше аймағында орын алған мутациядан белсенділігі төмендеп кетеді. Мәселен, оған p53 ақуызының «артық» молекуласын бейтараптандыра отырып, сау жасушаларды кездейсоқ жойылудан қорғайтын MDM2 гені жатады. Осындай ерекшелігіне байланысты ғалымдар p53 генін қайыра белсендірудің жолын іздестіріп жатыр – қатерлі ісіктің өздігінен жойылуына ықпал ету мақсатында өзге гендерді басып тастау үшін. АҚШ-тағы Ренсселер политехникалық институтының Чуньюй Ван есімді профессоры мен оның әріптестері бұл процесте EGCG (эпигаллокатехин галлаты) затының маңызды рөл атқаратынын анықтады. Аталмыш зат көк шайдың жапырағында кездеседі, EGCG — аса қуатты антиоксидант, адам мен жануар организіміндегі қабынуды баса алатын. Биологтер бұл бағытта өсімдіктің қатерлі ісік пен сау жасушаларына тәжірибе жүргізіп көреді. Нәтижесінде EGCG молекуласы p53 молекуласымен қосылып, p53 ақуызы белсенді күйге көшіп, қатерлі ісік жасушаларын жойған. Жоғарыда аты аталған ғалымның айтуынша, p53 ақуызы ақуызы ұшпа EGCG молекулаларын MDM2 ақуызымен оған қосылатын жерде байланыстыра алады, бұл жайт өз кезегінде қатерлі ісіктегі p53 мөлшері артып, оны іштен жою процесіне себеп болады.

0 пікір
Мұрағат