Адамның аз уақыт ішінде артық салмақ жинауының бес себебі айталды
Адамның аз уақыт ішінде артық салмақ жинауының бес себебі айталды
3 жыл бұрын 4965 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Елена Губкина есімді ресейлік жоғары категориялы эндокринолог дәрігер аяқ астынан, дәлірегі, аз уақыт ішінде артық салмақ жинаудың негізгі себептерін атады. Бұл жайында islam.kz порталы «Жаңалықтар» ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Білікті маманның айтуынша, адамның артық салмақ жинауына ең алдымен шала ұйқы себеп болмақ. Ұйқысы қанбаған адамның организімі бұл олқылықтың орнын аспен толтыруды ұйғарады, яғни, ұйқысы қанбаған адамның тәбеті ашылады, өйткені, адам миы энергетикалық қорды калориямен қалпына келтіруді көздейді, бұл жайт өз кезегінде метаболизмге кері әсерін тигізеді, яғни, организмнің зат алмасу қызметін бұзады. «Ұйқы қанбаудың нәтижесінде зат алмасу баяулайды, өйткені, гормонды істеп шығару қызметі бұзылады – инсулин мен кортизолдың бөлінуі артады, өсу гормонының бөлінуі төмендейді», - деп түсіндірді ресейлік эндокринолог дәрігер «Аргументы и факты» ақпарат көзіне берген сұхбатында. (Естеріңізде болса, сайтымыздың жаңалықтар таспасында осыдан аттай бір ай бұрын жарияланған «Шала ұйқы инфекциялық дертке шалдығу қатерін 250%-ға арттырады» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/shala-uiqy-infektsiyalyq-dertke-shaldygu-qaterin-250-ga-arttyrady-14692/#gsc.tab=0) материалымызда ұйқысы қанбаған адамның инфекциялық ауруларға шалдығу қатерінің артатыны турасында айтып өткенбіз. Организм үшін ұйқы режиімінің қаншалықты маңызды екенін ескеру мақсатында айтылып отыр – ред.). Елена Губкина одан кейінгі себепке ұзақ уақыт бойы стреске ұшырауды жатқызыпты: организмде май қорының шапшаң жиналуына ықпал ететін кортизолдың (гормон) көптеп бөлінеді. Ал үшінші себеп ретінде организмде сұйықтықты ұзақ уақыт сақтауды атапты: қуығы сыздағанша кіші дәретке отырмай жүре беретін адамдардың да артық салмақ жинау қатері артады. Мұндай жағдайда сұйықтықты мқлшерімен ғана ішіп, тұзы көп немесе шөлдететін тағамдарды барынша аз тұтынуға кеңес береді. Төртінші себебіне, мәселен, глюкокортикоид (стероидты гормондар), нейролептик, антидепрессант, т.б. дәрілерді қабылдаудан адам аз уақыт ішінде артық салмақ қосып алады. (Бесінші себепті әдепке қайшы болғаны үшін атамаймыз – ред.).

Ұқсас материалдар:

 «Семіздік те жұқпалы болып шықты – оның індет екені расталды» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/semizdik-te-juqpaly-bolyp-shyqty-onyn-indet-ekeni-rastaldy-12772/#gsc.tab=0);

«Қатерлі ісік, сусамыр, семіздік жұқпалы болуы мүмкін» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/gylym/qaterli-isik-susamyr-semizdik-juqpaly-boluy-mumkin-13086/#gsc.tab=0);

"Ғалымдар семіздік генін бұғаттауды үйренді" (сілтемесі: http://islam.kz/kk/news/gylym/galymdar-semizdik-genin-bugattaudy-uirendi-12511/#gsc.tab=0);

«Адамдардың салмақ тастау барысында жіберетін қателіктері» (сілтемесі: https://islam.kz/kk/news/arturli/paidaly-kenester/adamdardyn-salmaq-tastau-barysynda-jiberetin-qatelikteri-6357/#gsc.tab=0)

0 пікір
Мұрағат