Балық атаулыға көзге көрінбейтін қауіп төніп келеді
Балық атаулыға көзге көрінбейтін қауіп төніп келеді
3 жыл бұрын 1706 islam.kz-ке гиперсілтеме берілуі міндетті

Күллі әлемдегі балыққа жылдан жылға артып келе жатқан судың фармацевтикалық ластануынан қауіп төніп отыр. Бұл жайында islam.kz порталы аталмыш зерттеу материалы жарияланған Proceeding of the Royal Society B: Biological Sciences мерзімді басылымына сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Нақтырақ әрі тарқатып айтсақ, адам қабылдайтын дәрі-дәрмектің тек бір бөлігі ғана организмге сіңеді де қалғаны қалған химиялық зат зәрмен және ұлы дәретпен бірге сыртқа шығады. Дәлірегі, канализация арқылы суға таралады. Мұндай фармацевтикалық ластаушылардың біріне флуоксетин деген атпен танымал Прозак антидепрессанты жатады.  Аталған дәрілік зат соңғы жылдары үлкен сұранысқа ие әрі батыс және оңтүстік шығыс елдерінде жиі қолданылады. Флурксетиннің әсерінен балықтар ерік-жігерінен айырылып, «зомбиге» айналады, яғни, индивиттік қасиеттерін жоғалтып, дел-сал күйге түседі. Бұл өз кезегінде балықтарды қоршаған орта факторлары алдында дәрменсіз етеді, соның ішінде жыртқыштарға оңай жем болады. Флуоксетиннің әсерін зерделеу үшін ғалымдар Австралияның солтүстік-шығысында ағып жатқан өзеннен  Poecilia reticulata тобына жататын 3600 балықты екі жыл бойы суы тұшшы аквариумде ұстап, тәжірибе жүргізіп көреді. Балықтар сол аквариумде ұрық шашады. Балықтарды үш топқа бөледі: бірінші топтағылар тек таза суда, екінші топтағылары табиғи ортада кездесетін деңгейде флуоксетині бар суда, ал үшіншісі тазалау қондырғылары маңындағы суларда кездесетін дәрілік заттар деңгейі жоғары суда ұстайды. Нәтижесінде таза судағы балықтар табиғи қалпынан айнамаған, кейбіреуі қыбырсыз қалып, «жалқаулық» танытса, енді біреулері шалт қимылдап, белсенді әрекетінен танбаған. Ал флуоксетиннің әсеріне ұзақ уақыт ұшыраған балықтарға келсек, дел-сал күйге енген.

0 пікір
Мұрағат